Камиль каратэ атымен танымал атышулы файтер Камариддин Хасановқа келесі қарсыласы қатаң ескерту жасады, деп жазады Prosports.kz

Өзбек файтері Мансурбек Атаджонов OCTAGON 62 турниріндегі жекпе-жек алдында тәжікстандық спортшыға видео үндеу жасады:

- «Сен лигаға құрметсіздік көрсетіп отырсың. Саған менімен төбелесуді ұсынды, ал сен маған менің деңгейімде емессің деп жеке хабарламада жазып отырсың. Бұған дейін кімді жеңдің? Элчибек және бірнеше блогерді ғана. Одан да кездесуге дайындалғаның жөн, мен саған уәде беремін - жеке хабарламада маған не жазғаныңызды октагонда сұраймын. Уәде беремін, саған қиын болады, сені сегізбұрышта аямаймын», - деп сес көрсетті өзбек файтері.

Айта кетейік, кештің басты шайқасында қазақстандық файтер Константин Меркулов (5-3) мен Айбек Ерметов (3-0) белбеу үшін төбелеседі.

Тағы бір танымал қазақстандық ММА өкілі Асқар Жақсылықов (5-1) жеңіл салмақта «уақытша» чемпиондық белбеу үшін әзірбайжандық Фарид Алибабазадемен (12-7) күш сынасады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink