Қатарынан он жекпе-жек бойы жеңіліп көрмеген қазақстандық Тэймур Жапаров (14-3-1) келесі жекпе-жегін OCTAGON 62 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 тамызда Алматыда Жапаров көп уақыт ACA Yong Eagles-те өнер көрсеткен ресейлік Хасан Бисклтановпен (10-2) кездеседі. Бисултановтың мансабында 6 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен, сол қатарда әзербайжандық Анар Азизлиді (9-1) ұтқан.

Жапаровқа келсек, ол кейінгі рет 2020 жылдың желтоқсан айында жерлесі Әліби Ыдырыстан жеңілген.

Айта кетейік, кештің басты шайқасында қазақстандық файтер Константин Меркулов (5-3) мен Айбек Ерметов (3-0) белбеу үшін төбелеседі.

Тағы бір танымал қазақстандық ММА өкілі Асқар Жақсылықов (5-1) жеңіл салмақта «уақытша» чемпиондық белбеу үшін әзірбайжандық Фарид Алибабазадемен (12-7) күш сынасады.

Турнирдің хедлайнері даулы тәжікстандық Камил Каратэ сегізбұрышта өзбек Мансурбек Атаджоновпен кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink