Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (21-1, 16 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Ахмедовтың жекпе-жегі 20 қыркүйекте Дублинде (Ирландия) өтеді, қарсыласы франциялық Пьер Юбер Дибомб (22-1-1, 12 КО) болады. Жекпе-жекте екінші орта дивизиондағы IBF International титулы сарапқа салынады. Шоуды Том Лоэффлердің 360 Promotions компаниясы ұйымдастырады.

Али Ахмедов үшін бұл 2024 жылғы үшінші жекпе-жек болады. Оның кейінгі жекпе-жегі Детройтта (АҚШ) 23 мамырда өтіп, екінші раундта коста-рикалық Энкарнасьон Диасты (18-5, 11 КО) нокаутқа түсірді.

Ал Пьер Юбер Дибомб кейінгі жекпе-жегін 20 сәуірде Нью-Йорктегі бокс кешінде өзбекстандық Бектемир Меликузиевтен (14-1, 10 КО) төрешілер шешіммен ұтылып қалды.