Танымал британдық музыкант, автор және өз әндерін орындаушы Эд Ширан ағылшын Премьер-лигасында жаңа маусымды бастайтын «Ипсвич» футбол клубының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Эд Ширан бала кезінен «Ипсвичті» қолдады және қазірдің өзінде танымал орындаушы бола отырып, команданың әр түрлі іс-шараларына мезгіл-мезгіл қатысып, тіпті оған қаржылық жағынан көмектесті. Енді Ширан клуб акцияларының 1,4% сатып алды, бірақ бұл оған команда директорларының құрамына кіруге мүмкіндік бермейді.

«Мен туған қалам клубының шағын акцияларын сатып алғаныма қуаныштымын. Әр жанкүйер сүйікті клубының иесі болуды армандайды. Мен бұл мүмкіндікке қол жеткізгеніме ризамын», — деді танымал әнші.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Ипсвич» сенсация жасап, Чемпионшипті жеңді. Олар ағылшын Премьер-лигасында соңғы рет 2002 жылы ойнады.