Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық теннисші (#427) Kursumlijska Banja W75 турнирінің ширек финалында хорватиялық Тена Лукасты (#249) 2:1 (1:6, 7:5, 6:4) есебімен жеңді.

Жартылай финалда сербиялық Лола Радивоевичпен (350) күш сынасады.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 60 000 долларды құрайды.