Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы оған жаңа Skoda Kodiaq көлігін сыйлады. Осылайша, Нариманның Қазақстан спортының тарихына қосқан үлесі бағаланып отыр.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол - Қазақстан қоржынына спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының тарихи жүлдесін салды.