QFL Премьер-лигасындағы трансферлік құны бойынша ТОП-5 жазғы ауысым белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ислам Машуков пен Валерий Громыко трансферлік құны 900 мың еуро болатын ең қымбат жазғы ауысымдар ретінде көш бастап тұр.

Олардан кейінгі орындарда Юг Станоев пен Егор Сорокин 800 мың еуро көрсеткішімен орналасты. Үштікті Александр Зуев пен Кристиан Товар 750 мың еуро бағасымен қорытындылады.

Ал Бранимир Калайца 700 мың еуро құнымен төртінші орында тұрса, Назми Грипши 550 мың еуро көрсеткішімен үздік бестікті тұйықтады.

*Бұл тізім Transfermarkt нұсқасы бойынша жасалған.