28 қыркүйек «Алматы Аренада» бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кештің басты оқиғасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің қатысуымен өтетін жекпе-жек.

Негізгі жекпе-жекте бокс ережесі бои‌ынша Қазақстанның ММА жауынгерлері - Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов алғашқы кездесуін өткізеді.

AllStarsBoxing турнирі тек қазақстандық боксшыларды ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Әзірбаи‌жанның кәсіпқойларының басын қосады, бұл турнирге халықаралық деңгей береді. Көрермендер біздің қатысушыларымыз: Жанқош JoJo Тұраров, Әділжан «Адос» Сәндібеков, Ильнар Ишимбаев, Эмиль Новрузов, Ерасыл Ақранбек, Михаил «Сивыи‌» Долгополов, Жұман Жұмабеков және Асрор Акпарходжаев сынды танымал жауынгерлерді тамашалай алады.