Қазақстанда алғаш рет әуесқой командалар арасында УЕФА Аймақтар кубогы іріктеу матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

УЕФА Аймақтар кубогына іріктеу матчы 25 тамыз күні сағат 17:00-де Талғар қаласындағы Ұлттық құрамалар базасында өтеді.

Әуесқой футболдан Қазақстан чемпионы «Ақбет» командасы келесі кезеңге өту үшін Польшаның «Dolnośląski Region» ұжымымен кездеседі.

Аралық кезеңнің сегіз жеңімпазы 2025 жылдың маусым не шілде айының соңғы екі аптасына жоспарланған финалдық кезеңге жолдама алады.