Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева матч өткізбей Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде жұптық сайыста ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Путинцева мен оның серіктесі Лейла Фернандес (Канада) Кэролайн Долехиде/Десири Кравчик (АҚШ) тандеміне қарсы шығуы керек еді. Алайда АҚШ өкілдері матчтан бас тартты.

Ширек финалда Путинцева мен Фернандес Катерина Синяковаға (Чехия) / Тейлор Таунсендке (АҚШ) қарсы ойнайды.