Қазақстан чемпионы «Ордабасы» еурокубокпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік команда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында армениялық «Пюникпен» қарымта матч өткізді. Алматыдағы алғашқы ойында армян клубы 1:0 есебімен жеңген еді.

Ереванда сол есеп қайталанды. Матчтың 66-минутында Юсуф Отубанджо гол соқты.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша «Пюник» 2:0 есебімен жеңіп, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал «Ордабасы» үшін еуромаусым аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін «Астана» Конференция лигасының келесі кезеңіне шыққан болатын.

Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі.

«Ордабасы» (Қазақстан) - «Пюник» (Армения) 0:1 (0:0)

Гол: Отубанджо 66

Төреші: Ногейра (Португалия)

15 тамыз. Ереван. Саргсян атындағы стадион