Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қыркүйекте шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«AllStarsBoxing кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы - Данияр Елеусінов өнер көрсетеді!», – деп жазды All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметі.

Турнир 28 қыркүйекте «Алматы Аренада» өтеді.

Еске салайық, Елеусінов кейінгі жекпе-жегінде 2021 жылы желтоқсанда аргентиналық Хуан Эрнан Леалмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған еді.