Щучинск қаласында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының II кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алғашқы жарыс күні супер-спринттер өтті. Бәсекеге Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Норвегия, Таиланд және Швециядан 150-ге жуық спортшы жиналған.

Соңғы жарыстардың қорытындысы бойынша ерлер тобында үштікті Эмануэль Беккис (Италия), Валерио Майкл Италия), Раймо Вигантс (Латвия) құрады. Әйелдерде-Жаклин Локнер (Швеция), Линн Семскар (Швеция) және Альба Мортагна (Италия).

Жасөспірімдер тобында Дэвид Пичинини (Италия) құрмет тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Григорий Дачкин (Қазақстан) - күміс жүлдегер. Үшіншісі - Стефано Эпис (Италия). Жасөспірімдер арасында Анна Мария Гидди (Италия) жеңіске жетті. Жүлдегерлер – Джоанна Холмберг (Швеция) және Мария Инвернизи (Италия).

Ертең, 15 тамызда, спортшылар аралас командалық спринтте өнер көрсетеді.