Бейсенбі, 15 тамыз күні Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы мен «Барыс» арасында матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:20-да басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, турнирге «Барыс» пен Қазақстан құрамасынан бөлек Хабаровск «Амуры» мен Тольятти «Ладасы» қатысты. Командалар алдымен айналымдық жүйеде ойнайды, кейін финалдық орындарды анықтау үшін шешуші кездесулер өткізеді.