Қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (28-0, 28 КО) шаршы алаңға қайта оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұраров келесі жекпе-жегін 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» бокс кеші аясында өткізеді. Бірінші жартылай орта салмақтағы IBO және WBA Gold тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын алады. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Жанқош Тұраров кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы 10 желтоқсанда Оңтүстік астанада да өткізді. Ол жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.