Қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннатиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жұптық сынында екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге М.Като (Жапония) / А.Сутжиади (Индонезия) жұбын 7:6, 3:6, 10:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.

Екінші айналымда Путинцева мен Фернандес Д.Кравчик (АҚШ/К. Долхайд (АҚШ)) жұбымен ойнайды.