Әлемдік рейтингте 121-орында тұрған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кэриде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финал кезеңінде қазақстандық ресейлік теннисші Аслан Карацевті үш сетте 7:6, 3:6, 6:1 есебімен ұтты.

Кездесу 2 сағат 40 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандықтың қарсыласы италиялық Маттиа Белуччи болады.