Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Санто-Домингода өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда босния-герцеговиналық Дамир Джумхурмен кездесіп, үш сетте 6:1, 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.