«Реал Мадрид» UEFA суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Суперкубок финалында Чемпиондар лигасының жеңімпазы мадридтік «Реал» мен Еуропа лигасының жеңімпазы «Аталанта» кездесті. Кездесуде 2:0 есебімен Карло Анчелотти шәкірттері жеңіске жетті.

Айта кетейік, королдік клуб сапында дебюттік ойынын өткізге Килиан Мбаппе алғашқы голын соқты.