«Астана» еурокубок тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Астана» румыниялық «Корвинулды» 6:1 есебімен жеңіп, Конференция лигасының іріктеу кезеңінің финалына шықты.

Бұған дейін «Астананың» рекорды израильдік «Маккабиді» (Тель-Авив) 4:0, сондай-ақ мальталық «Валлетта» командасын 5:1 және 4:0 есебімен жеңген болатын.