Имане Хелиф Дж.К Роулинг пен Илон Маскты кибербуллинг жасады деп айыптады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшының адвокаты Variety басылымына Х әлеуметтік желісіне қарсы шағым түсірілгенін айтты.

Алжирлік боксшы Имане Хелифтің Париж прокурорына берген шағымында жазушы Дж.К.Роулинг пен миллиардер Илон Масктың есімі аталды.

Variety басылымының хабарлауынша, 25 жастағы Хелиф 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындары кезінде интернет арқылы қысым көргені үшін француз билігіне шағым түсірген.

Хелифтің мүддесін қорғайтын Париж адвокаты Набиль Буди 9 тамызда Париж прокуратурасы жанындағы интернеттегі жеккөрушілікке қарсы орталыққа жіберілген шағымда Роулинг пен Масктің есімі аталатынын растады.

Адвокат сотта Дональд Трамптың да аты аталғанын айтты: «Трамп та твит жариялады, сондықтан оның есімі шағымда бар ма, жоқ па, ол сөзсіз айыптау бөлігі ретінде қарастырылады».

Егер прокурорлар аты атлғандардың бірін айыпты деп таныса, оларға қатысты екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе он мыңдаған еуро айыппұл салу жазасы қарастырылуы мүмкін.