Майк Тайсон барлық уақыттағы ең үздік 5 боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tofight.ru сайтына сілтеме жасап.

«Ол тізімге Дуран, Сонни Листон, Сальвадор Санчес, сосын Рэй Робинсон болады. Олардың саны өте көп. Мен тарихтағы алғашқы қара нәсілді чемпион Джо Гансты да атайтын едім. Бірақ ең жоғарғы жағында Мұхаммед Әли болады», — деді темір Майк Million Dollar Worth of Game-ге берген сұхбатында.