Қорғаушы Владислав Цапко Иллинойс штатындағы Windy City Storm 16U AAA командасына кәсіби карьерасын жалғастыруға ұсыныс алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымды Цапко Seacoast Performance Academy-де өткізіп, 58 матчта 34 (12+22) ұпай жинап, команданың үшінші бомбардирі атанды.

Ол бұрын екатеринбургтік «СКА-Юность» клубында ойнап, Ресей чемпионатында жеңіске жеткен. Владислав 185 см бойы және 83 келі салмағы бар Қазақстан азаматы болып табылады және азаматтығынан бас тартуды жоспарламайды.