Президент кубогы аясында сырт алаңда өткен матчта Қазақстан құрамасы nольяттилік «Лададан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:7 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама сапында жалғыз шайбаны Роман Старченко соқты.

Айта кетейік, «Лада» сапында Остап Сафин, Архип Неколенко, Николай Владимиров, Арсений Коромыслов, Никита Михайлов, Евгений Грошев және Глеб Семёнов голдың авторы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтап, сегіз қатысушының ішінде өз тобында алтыншы орын алды. Қазақстандықтар Франция (3:1) және Польша (3:1) құрамаларынан басым түсіп, екі жеңіске қол жеткізді.