Бүгін шайбалы хоккейден 2024 жылғы Қазақстан Президенті кубогы басталады. Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Турнирге қатысушылар қатарында «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар. Сондай-ақ оған алдағы олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне дайындалатын Қазақстан құрамасы қатысады.

Жарысқа қатысушылар алдымен айналмалы жүйеде шеберлік байқасады. Содан кейін қорытынды орындарды анықтау үшін шешуші ойындар болады.

Бүгін, 14 тамызда «Лада» - Қазақстан олимпиадалық құрамасы, «Барыс» пен «Амур», 15 тамызда «Амур» мен «Лада», Қазақстан олимпиадалық құрамасы мен «Барыс» кездеседі.

Ал 17 тамызда Қазақстан құрамасы мен «Амур». «Барыс» - «Лада» ойнаса. 18 тамызда 3-орын үшін ойын мен финал өтеді.

Елордалық клуб бұдан кейін 20-25 тамыз аралығында Ресейдің Омбы қаласында өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Олар Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір), «Трактор» (Челябі) және «Авангард» (Омбы) ұжымдарына қарсы ойнайды.26 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Астанада «Барыстың» Құрлықтық хоккей лигасы 2024/25 жылдар маусымы алдындағы дайындығының қорытынды кезеңі өтеді.

Ал ел құрамасы финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Бүгін шайбалы хоккейден 2024 жылғы Қазақстан Президенті кубогы басталады. Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді.