Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский армяндық «Вест Армения» клубының ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz

29 жастағы футболшының Арменияда ойнау тәжірибесі бар: ол «Алашкерт», «Севан», «Лори» және «Нораванк» сияқты командалардың намысын қорғаған.

Сонымен қатар, Тимур Рудосельский Қазақстан жастар құрамасы сапында 16 матч өткізіп, ел құрамасына шақырылды. Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 150 мың еуроға бағалап отыр.