Қазақстан Республикасы Президенті кубогы аясында Астананың «Барысы» мен «Амур» командалары кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» - «Амур» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Барыс» өткен маусымда 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясын тек 12-орынмен аяқтады. Клуб плей-офф аймағынан 21 ұпайға қалып қойды.