13 тамызда Чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуі «Фенербахче» мен «Лилль» арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойындағы алғашқы голды 90+1-минутта Бафоде Диаките соқты (Лилль автоголы).

Қосымша уақытта «Лилль» ойыншысы Джонатан Дэвид 118-минутта пенальтиден есепті теңестірді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында «Лилль» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.