Кәсіпқой футбол қауымдастығы (PFA) ойыншыларының нұсқасы бойынша ағылшын футболында жылдың үздік ойыншысы жүлдесіне алты үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүлдеге «Манчестер Ситидің» үш ойыншысы: Эрлинг Холанд, Родри және Фил Фоден, сондай-ақ Мартин Эдегор («Арсенал»), Коул Палмер («Челси») және Олли Уоткинс («Астон Вилла») таласады.

Жеңімпаз Англия футболшылар одағының мүшелері арасындағы дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады.

Жеңімпаз 20 тамызда өтетін салтанатты жиында жарияланады.

2022/23 маусымының соңында жүлде Эрлинг Холандқа бұйырды.