Алан Құрманғалиев Германия чемпионатында өнер көрсетеді, деп атап Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев тамыз айының соңында TTC Sachsenring Hohenstein-Ernstthal клубының құрамында Германия Бундеслигасында (3-лига) дебюттік кездесуін өткізеді.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы қазіргі уақытта Германияда жүр.

«Бремен қаласына көшіп келдім. Жаңа командада мені бәрі жақсы қарсы алды. Команда сапына тағы төрт теннисші қосылған. Бірақ олардың шеберлік деңгейін әлі тексеріп жатыр. Мұнда алаңсыз жаттығу жасауға барлық жағдай жасалған. Біз Германия чемпионатының жаңа маусымына дайындалып, TTC Sachsenring Hohenstein-Ernstthal командасына пайдамызды тигізуге, шеберлігімізді арттыруға, шыңдай түсуге тырысамыз», - деді А. Құрманғалиев.