15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан құрамасы ұлттық академиясының ойыншылары алғашқы халықаралық ойындарында 15 жасқа дейінгі Өзбекстан жасөспірімдер құрамасымен кездеседі.

Ойындарды Ташкент қаласы қабылдайды. Бірінші матч 25 тамызда өтсе, екінші кездесу 28 тамызға жоспарланған.

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанға қарсы ойындарға дайындықты 17 тамыз күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында бастайды.