Бокс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының қатарында жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz

Бірақ алдағы уақытта қосылуы мүмкін. Ол үшін алдағы жарты жылда IBA орнын басатын ұйым Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) тіркелу қажет.

Осыған байланысты World Boxing деген ұйым ашылған және қарқынды дамып келеді. Бірақ ХОК оны тек құрамына 50 федерация кірсе ғана мойындайды. Қазір WB қатарына ресми 36 елдің бокс федерациясы кірген. Әзірге Қазақстан бұл тізімде жоқ.