Килиан Мбаппе «Реалдың» «Аталантаға» қарсы УЕФА Суперкубогы матчына қатысатын ойыншылар тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сондай-ақ тізімде «Реал Мадрид» сапына биыл қосылған бразилиялық шабуылшы Эндрик те бар.

Қақпашылар: Куртуа, Лунин, Фран;

Қорғаушылар: Карвахаль, Милитао, Алаба, Васкес, Вальехо, Фран Гарсия, Рюдигер, Менди, Хакобо;

Жартылай қорғаушылар: Беллингем, Камавинга, Вальверде, Модрич, Тчуамени, Гюлер, Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус, Мбаппе, Родриго, Эндрик, Браим Диас.

Айта кетейік, 14 тамызда Польша астанасында Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Реал Мадрид» пен Еуропа лигасының жеңімпазы «Аталанта» УЕФА Суперкубогын сарапқа салады.