Назарларыңызға футзалдан Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынынан фоторепортаж ұсынамыз.

Қазақстан құрамасы Алматыда футзалдан әлем чемпионатына дайындықты бастады. Жаттығу жиындары 18 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Топтық кезеңде Қазақстан Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды.