Қызылордалық «Қайсар» 23 жастағы камерундық шабуылшы Жуниор Каменимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін футболшы даниялық «Наествед» және марокколық «Фатх Юнион Спорт» командаларында ойнаған. Және Камени Камерун олимпиадалық құрамасында ойнаған.

Transfermarkt хабарлауынша, «Қайсар» ойыншыны Марокко құрамасынан 40 мың еуроға сатып алған.

Жалпы, Жуниор Камени мансабында 42 кездесу өткізіп, 9 гол соқты.