«Астана» франциялық жартылай қорғаушы Фабьен Уреганың кеткенін ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Франциялық жартылай қорғаушы Фабьен Урега тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубынан кетеді.

Урега «Астана» сапында 50 матч өткізіп, 1 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Фабьенге клубтың жетістіктеріне қосқан баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!» делінген хабарламада.