Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz

Федерацияның айтуынша, спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Франция астанасында ұлттық команданың басты ойыншысы Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орын алған болатын. Бұған дейін қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді. Сондай-ақ Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты.