Бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуа отандасы Тайсон Фьюри мен украиналық Александр Усик арасындағы реванш туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, бұл қиын жекпе-жек болады. Бірақ, Усик қайтадан басымдыққа ие болады деп ойлаймын. Ол керемет жауынгер, мен оны әлемдегі ең жақсылардың бірі деп санаймын. Сондықтан ол жеңеді деп ойлаймын», — деді Джошуа Frank Warren's Queensberry Promotions YouTube арнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Усик пен Фьюри арасындағы реванш 21 желтоқсанға жоспарланған. Жекпе-жек Сауд Арабиясында өтуі керек. Украиналық мен британдық арасындағы алғашқы жекпе-жек биыл 18 мамыр түнде Сауд Арабиясында өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, украиналық төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.