ҚШ-тың әйелдер баскетбол командасы Олимпиада ойындарының финалдық кездесуінде Францияны 67:66 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, америкалық қыздар жазғы Олимпиада ойындары тарихында қатарынан сегізінші рет топ жарды.

Жалпы, АҚШ құрамасы Олимпиадада 10 рет алтын алған. Екі рет КСРО құрамасы жеңімпаз атанған.

Биылғы Олимпиадада АҚШ сапында 42 жастағы Дайана Таурази ел намысын қорғағанын атап өткен жөн. Сөйтіп, ол 6 дүркін Олимпиада чемпионы атанып отыр. Дайана бұған дейін 2004, 2008, 2012, 2016 және 2020 жылдардағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен болатын. Баскетболшы үш дүркін әлем чемпионы екенін де еске салған жөн.