Париж Олимпиадасы ресми түрде жабық деп жарияланды. Олимпиада жалауы 2028 жылы жазғы Олимпиада өтетін Лос-Анджелес (АҚШ) қаласына табысталды.

"Стад де Франс" стадионында Париж Олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Шара кезінде Олимпиада жалауы әдеттегідей келесі ойындар болатын қалаға табысталды. Жалауды Лос-Анджелес қаласының мэрі Карен Басс қабылдап алды.

XXXIV жазғы Олимпиада ойындары 2028 жылы 14-28 шілде аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болады. АҚШ мемлекетінде төртінші рет жазғы Олимпиада өтпек. 1904 жылы Сент-Луис, 1932 және 1984 жылдары Лос-Анджелес, ал 1996 жылы Атланта қаласында жазғы ойындар жалауын түрген.