«Астана» жыл сайын өтетін «Польша туры» көпкүндік веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамы: Давиде Баллерини, Самуэле Баттистелла, Дмитрий Груздев, Хенок Мулубрхан, Кристиан Скарони, Антон Кузьмин және Микеле Гоццоли.

Жарыс 12-18 тамыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, бүгін «Астананың» колумбиялық шабандозы Сантьяго Умба «Circuito de Getxo» қорытындысы бойынша 27-орын алды.