Бүгін Испанияда «CircuitoGetxo» атты бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста «Movistar»командасының испаниялық шабандозы Йон Барренечеа жеңіске жетті. Екінші нәтижені «Arkéa-B&B Hotels» командасының франциялық шабандозы Клеман Шампуссен көрсетті. Үшінші орын «Caja Rural-Seguros RGA» командасының венесуэлалық шабандозы Орлуис Ауларға бұйырды.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 27-орынмен аяқтаған Сантьяго Умба көрсетті.

«Circuito de Getxo». Bilbao — Getxo. 173 километр.

1. Йон Барренечеа (Испания, «Movistar») — 4:11:412. Клеман Шампуссен (Франция, «Arkéa-B&B Hotels»)3. Орлуис Аулар (Венесуэла, «Caja Rural-Seguros RGA»),

27. Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана») — +1:55