Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дания чемпионатының төртінші турында «Рандерспен» өткен кездесуде «Силькеборг» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов негізгі құрамда шығып, 52-минутта гол соқты.

Айта кетейік, Рамазан «Силькеборгқа» маусым айында ауысып, 2027 жылдың маусымына дейін келісімшартқа отырды. Ол жаңа клубтағы алғашқы ойынын 6 шілдеде нидерландылық «Утрехтқа» қарсы өткізді.