«Бейбарыс» шабуылшы Дастан Еркіновпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екіжақты келісімшарт бір маусымға жасалған.

Өткен маусымда 19 жастағы хоккейші МХК «Астанада» ойнады, онда ол тұрақты маусымның 43 матчында 40 (16+24) ұпай жинады. Плей-оффтағы 5 ойында бір гол соғып, нәтижелі пас берді.