Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF W15 турнирі мәресіне жетті.

Аталмыш жарыста 18 жастағы қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 824-орындағы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетті.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

С.Жиенбаева финалға дейін қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, сүрінбей жетті. Тек соңғы бәсекеде ғана әлемнің 768-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельге ғана тартысты матчта есе жіберді – 6:7 (1:6), 3:6. Финалдық ойын 1 сағат 44 минутқа созылды.

Соня Жиенбаева қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 818-орынға көтеріліп тұр.