Бүгін қорытынды жарыстардан кейін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Соңғы спорттық жарыс Франция мен АҚШ құрамалары арасындағы әйелдер баскетбол турнирінің финалы болмақ. Ол қазақстандық уақыт бойынша сағат 18:30-да басталады. Records ("Рекордтар") деп аталатын жабылу салтанаты 80 мың көрерменге арналған және жеңіл атлетикадан олимпиадалық жарыстарды өткізетін "Стад де Франс" стадионында өтеді.

Іс-шара қазақстандық уақыт бойынша 11-нен 12 тамызға қараған түні басталады және шамамен екі сағатқа созылады. Жабылу аясында марафондағы медаль иегерлерін марапаттау, спортшылардың шеруі, олимпиада туын түсіру және оны келесі жазғы ойындардың иесіне тапсыру (Лос-Анджелес-2028) рәсімі өтеді.

Қазақстанда тікелей эфирді Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" және "Ел арна" телеарналарынан көруге болады. Эфирлер Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те басталады.