Қазақстандық ММА файтері Артем Резников әлеуметтік желіде All stars бокс лигасымен қыркүйектегі турнирде бокс ережелері бойынша жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ауызша келісім бар, ASA лигасы маған рұқсат бергеннен кейін біз келісімшартқа отырамыз және бокста дебют жасаймыз», - деп жазды Резников.

Айта кетейік, бұл турнирде Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріпов, сондай-ақ Жұман Жұмабеков ресейлік Асрор Ақпарходжаевпен жұдырықтасады.