Иранның аралас жекпе-жек өкілі Мохаммад Хейбати қазақстандық NAIZA ұйымында жекпе-жек өткізуге келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек қазан айына жоспарланған, ал «Парсылықтың» қарсыласы NAIZA & AMC Fight Nights чемпиондық белбеуінің иегері Фанил «Ногай» Рафиков болады.

«Келісімшарт бар! Рахмет, жігіттер, көріскенше!», - деп жазды Хейбати әлеуметтік желіде.