Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда өтетін OCTAGON 62 турнирінің бейне-анонсын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты шайқасында қазақстандық файтер Константин Меркулов (5-3) мен Айбек Ерметов (3-0) белбеу үшін төбелеседі.

Тағы бір танымал қазақстандық ММА өкілі Асқар Жақсылықов (5-1) жеңіл салмақта «уақытша» чемпиондық белбеу үшін әзірбайжандық Фарид Алибабазадемен (12-7) күш сынасады.

Турнирдің хедлайнері даулы тәжікстандық Камил Каратэ сегізбұрышта өзбек Мансурбек Атаджоновпен кім мықтыны анықтайды.