Парижде (Франция) өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында Франция мен АҚШ құрамалары кездескен ерлер арасындағы баскетбол турнирінің финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ құрамасы 98:87 (20:15, 29:26, 23:25, 26:21) есебімен жеңіске жетті.

Америкалық командадағы ең нәтижелі ойыншы «Голден Стэйт Уорриорс» командасының көшбасшысы Стивен Карри болды.